Бір қайықта көп кісілер отырғанда, тепе-теңдікті сақтау маңызды. Адамдардың негізгі көпшілігі ортада отыру қажет. Осылай қайық орнықты болады.

Тағы да осындай қайықта сабырлылық пен әділдікті сақтау маңызды. 

Қалай болуы мүмкін?

Бір адам әдейі немесе адал ниетпен оң бүйірге ауысады және дәл шетіне тұрады. Бұдан қайық жантаяды. Бәріне қайық оң жаққа төңкеріліп кететін сияқты көрінеді де олар қарама-қарсы жаққа – сол жақ бүйірге – ауыса бастайды. Дәл осыдан қайық жантая бастайды да, аударылып кетеді.

Одан кейін кім бірінші болып оң бүйірге ауысып кеткенін ешкім есіне ала алмайды. Дегенмен, енді бұл маңызды болмайды да ғой.  

Comments: 0