Сізде бес үлкен бала бар деп елестетіп көріңіз, олар әртүрлі іспен айналысады. Үлкен ұлыңыз мұнай өндірісін таңдады, екінші ұлыңыз – ауыл шаруашылығын, үшінші қызыңыз – жеңіл өнеркәсіпті, төртінші қызыңыз – мейрамханалық кәсіпті, бесінші ұлыңыз – жиһаз өндірісін таңдады.

          Балаларыңыздың әрқайсысына бастапқы капиталды бердіңіз және олар жұмысқа кірісті.

          Бастапқыда барлығында істері шамамен бірдей жүріп келе жатты. Бірақ содан соң бәрі өзгерді.Мұнайдың бағасы өсе бастады. 

           Тағам өнімдерін, жиһаздарды, киімдерді өндіруге және мұнайды табуға жұмсалатын шығындар бірдей болса, мұнайдың кірісі пропорционалды емес жоғары болды. Сіздің көзіңізше, үлкен ұлыңыз қомақты кіріс таба бастады: зәулім үй салды, өзіне және отбасының әр мүшесіне машина сатып алды, жыл сайын экзотикалық елдерде демалатын болды.

           Сіздің ұлыңыз мұнайды басқа отбасыларға сатқандықтан, басқа отбасылардың ақшалары сіздің үйіңізге өзендей ағылды, содан олардың құндылығы төмендей бастады. Егер олардың бір фантигі үшін сіздің отбасыңыздан бір фантик берілсе, енді соның жартысы ғана жеткілікті болды.

           Басқа балалар ше?

           Әрине оларға үлкен ағадан анда-санда ақша түсіп жатты. Мұнайшының отбасы төртінші қыздың мейрамханаларына тұрақты түрде барып отырды. Осыдан оның кірістері да өсе бастады. Сонымен қоса, бай адам ақшасын киімге, тағамға, коммуналдық қызметке, үй қызметшінің, бақшының, күзетшінің, жүргізушінің, спорт алаңындағы жаттықтырушының қызметтеріне жұмсады. Осы жұмысқа сіздің басқа төрт балаларыңыздың балалары келді. Сонымен, мұнайдан табылған ақша ерікті-еріксіз мұнайшының саусақтарынан отбасы мүшелерінің қалталарына ағылды. Ал үлкен ұл бай болғандықтан, сондай-ақ, ақшасын аямағандықтан, оған қызмет көрсететін барлық қызметкерлер жоғары жалақы алып отырды. Мұнай жоқ отбасылармен салыстырғанда, олар едәуір жоғары жалақы алды. Сіздің отбасыңыз осындай кірістерге үйреніп қалды, енді осында ешкім төмен сомаға жұмыс істегісі келмеді.

           Сонда көршілес басқа отбасылар тұрды, оларда мұнайдың ақшасы болмады. Олар тура сондай төлемге жұмыс істеуге және тағам өнімдері, жиһаз, киім, автомобиль сияқты тауарлардың тура осындай көлемін шығаруға дайын болды. Осыдан олардың тауарлары сіздің балаларыңыз өндірген тура осындай тауарларға қарағанда салыстырмалы түрде арзанырақ болды. Бір сәтте (нақтырақ, біртіндеп және байқамай) сіздің балаларыңыз талмай еңбек еткенше және өз отбасы мүшелерінің жұмысына едәуір көп ақша төлегенше, басқа отбасылардан арзанырақ өнімді сатып алып, оларды бір-біріне сату тиімдірек болатынын түсінді. Сондықтан өндірістің орнына сауда орталықтары, дүкендер, автосалондар, мейрамханалар жалпы кәсіптен максимал табыс әкелетін, мұнайшыларға қызмет көрсететіндердің барлығы дами бастады.Сонда сіздің үшінші қызыңыз тігін фабриканы жауып, оның ғимаратын сауда орталығына жабдықтап алды. Бесінші ұлыңыз жиһаз зауыдын жауып, оның орнына дүкен ашты және сонда басқа отбасылардың жиһазын сататын болды. Екінші ұлыңыз ауыл шаруашылығында қиын күн көрді. Тек қана төртінші қызыңыз мейрамханадан жақсы табыс тапты.

           Осындай жайтты көріп, сіз отбасыдағы жағдайды өзгертуге тырысасыз. Балаларды өз абыройларын ұмытпауға шақырасыз, оларды өзінің жеке брэндтері құрылатын өндірісті ашуға үндейсіз. Барлық өнімдердің сіздің отбасыңызда өндірілгенін және басқа отбасылардан тәуелсіз болғанын қалайсыз. Сіз өзіңіз отбасылық бюджеттен алынған қаражатқа қандай да бір объектілерді саласыз және оларды салтанатты түрде ашасыз. Бірақ осының барлығы бекер болды. Отансүйгіштік сезіммен және ықыласпен бірге алысқа бармайтыңызды түсінесіз. Себебі экономика күштірек болды, ол тиімдірек іспен айналасуды мәжбүр етеді.

           Осыдан сіз бірденені дұрыс жасамағаныңызды түсінесіз. Жағдайды бақылаудан шығарып алдыңыз. Алайда ақылды адамдар сізді ескерткен болатын.

           Осындай жағдай орын алмас үшін не істеу керек?

           Үлкен ұлға мұнайдан барлық кірістерді алып, оларды жұмсауға жол бермеу керек еді. Отбасының басшысы ретінде оған жоғарғы төлем (салық) орнатып, отбасыдан тыс түскен кірісті (трансферлік баға) жасыру үшін қулық жасауға жол бермеу керек еді. Басқа балалардан көбірек алған айырманы өзіне алып, жалпы отбасылық қажеттіліктерге жұмсау керек еді. Мысалы, инфрақұрылымға: жолдар мен коммуникациялар, жылу, электр және су жабдықтау, электрондық жүйелерге көбірек жұмсау, сондай-ақ, адам капиталының дамуына: сіздің балаларыңыз бен немерелеріңіз ең білімді болуы үшін мектептер мен ЖОО-ның дамуына жұмсау, сонымен қатар, мұнайға емес, дамыған инфрақұрылымға және өз басына сене отырып, ақша тауып, отбасыңызды дамыту.

Comments: 0