Кеше Бурабайға апаратын жолда жол маңындағы аялдамада су сатып алу үшін тоқтадық. Менің жолсеріктерім дүңгіршекке кетті, ал мен көлікте қалдым. Оларды тосып отырдым.

Менің алдымда артқы көлеңкелі терезелері бар көлік тұрды. Бәлкім, онда да өздерінікін тосып отырған сияқты. 

Кенет артқы терезеден жаяужолға ылғал майлық ұшып түсті де терезе жабылды. 

Маған бұл ұнамады.

Не істеу керек? Бұл адамдарға өзін өзі  бұлай ұстауға болмайды деп; жерге қоқысты тастап өзіміздің қоршаған ортамызды, өздеріміздің қалаларымызды, өзіміздің Отанымызды ластайтынымызды; осылай істей отырып, біз өзімізді өркениетті жиһаннан артта қалған, мәдениетсіз үшінші жиһанға итеретінімізді қалай айтуға болады?

Көлікке барып, оларға өсиет айтайын ба? Ұрсып тастайын ба? Айғай салайын ба?

Жоқ. Мен басқаша істеуді шештім. Мен сол машинаға жақындадым, майлықты жаяужолдан көтердім, көлікке алдыңғы терезесінен қарадым, артқы орында екі қазақ әйелі отырғанын көрдім де оларға қазақша айттым: «Кешіріңіздер. Сіздердің майлығыңызды мен көтерейін. Бірақ келесі жолы қоқысты  жерге тастамаңыздаршы».

Әйелдер абыржып, былдырлап сөйледі: «Жақсы. Кешіріңіз».

Мен олардың майлығын жақында тұрған қоқыс салғышқа апарып тастадым да, өзімнің көлігіме отырдым.

Олар одан кейін өзара не туралы сөйлескендерін, мен туралы не ойлап қалғандарын, қандай нәтиже шығарғандарын білмеймін, бірақ, меніңше, айналадағыларға ықпал етудің осы тәсілі өсиеттер мен уағыздардан, оған қосып жекірік пен тіл тигізуден әлдеқайда тиімді сияқты.  

Comments: 0