Нөкер патшаны жасайды деген сөз бар.

          Бірақ ең алдымен патша нөкерді жасайды (патшаға бағынышты адамдарды еріксіз еріп қосқан жағдайларынан басқа).

          Сондықтан да әр бағынышты қызметкер өзінің басшысының қандай да бір қасиеттерінің және ерекшеліктерінің көрінісі болып табылады. Ал әр басшы өзінің бағынышты қызметшісіне сай болады.

          Жақында танысымның көмекшісімен сөйлесуге тура келді, содан кейін сол мәселеге байланысты ойлана бастадым. Танысым өзі жақсы адам сияқты, қалай болғанда да оның ешқандай жаман тұстарын байқамаған болатынмын. Бірақ оның көмекшісі қарапайым азаматтармен менменсігемен түрмен сөйлескеннің және онымен жоғары қызметтегі шенеунік сөйлесіп жатқанын білгенде өз үнін таңғаларлық күйде өзгерте салған жағдайдың куәсі болдым, сонда мен бұл адам өз бастығының мінез-қылығын қайталайтынын түсіндім. Сол кезде танысым туралы пікірім өзгерді.

           Ал біздің қол астымызда жұмыс істейтін арсыз жүргізуші біз жайлы қандай ой-пікір қалыптастырады екен, біз сол туралы ойлап көрдік пе? Жылы шырайсыз және өзін дөрекі ұстайтын хатшымыз бізге келетін адамдардың ой-пікірін бұза алады.

          Сондықтан өзінің қол астындағы қызметшілерді өзіне лайық етіп жинау керек.

          P.S.Бұл постты әртүрлі уақытта менің жетекшілігімен жұмыс істеген барлық қызметшілеріме арнаймын. Олардың бәрімен де мақтанамын. Егер оларда қандай-да бір кемшіліктер бар болса, онда бұл менің кемшіліктерім болады.  

Comments: 0