Солтүстік Кореяның, Кубаның, Венесуэланың, Ресейдің, Белорусияның және басқа ұқсас елдердің не ортақтығы бар екен?

Барлық осы елдерді АҚШ-на және батыстық өмір салтына, яғни либералдық-демократиялық құндылықтарға, деген өшпенділік бірлестіреді. Неге еген? Мұнда қандай заңдылық бар екен?

Бәлкім, бұл Шығыс елдері шығар, және әңгіме Шығыс пен Батыс арасындағы өшпейтін қарсылықта болып отырған шығар? Бірақ АҚШ пен Еуропаның достарының қатарында ашық көрінген шығыс пәлсапалық және психологиялық елдер де бар ғой. Ол Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Малайзия және т.б. және де, керісінше, Американың жауларының арасында шығыс ділге қатынастары мүлдем жоқ Ресей, Белорусия, Венесуэлалар да бар ғой. Яғни, мәселе мүлде мұнда емес. Шығыс елі бола отырып, батысшыл да болуға мүмкін.   

Мүмкін, іс отаршылдық өткен өмірде шығар? Дамыған елдердің бұрыңғы отарлары өткендегі өкпелерін сезініп, бұрыңғы метрополияларын жек көретін шығар? Мүлде олай емес. Ресей мен Белоруссия ешқашан батыс елдердің отарлары болмаған. Және де, керісінше, Индия, Ұлыбританияның бұрыңғы отары, бұрыңғы «метрополиясымен» тамаша қарым-қатынаста. Бір кездерде Америкамен басып алынған Жапония қазір оның ең жақын серіктестерінің бірі болып табылады.

Сонымен іс мәні неде екен? АҚШ пен Еуропаға дұшпандық ниеттелген барлық елдердің не ортақтығы бар екен?

Ал олардың ортақтығы біреу – өктемшіл режим. Дәл өктемшіл режимдердің өздері иеліктеріне бостандық пен демократияның рухының еніп кетуінен көбінесе үрейленеді. Өйткені еркін қоғамда сұрақтар сөзсіз пайда болады: неге біздің елімізді онжылдықтар бойы бірден-бір ғана адам басқараып келеді, неге билік оның және оның айналасындағы нағыз ортасының қолында шоғырланған, неге біздің елімізде оппозиция жоқ, неге халық өзінің пікірін ашық айтуға қорқады? Халықта осында сұрақтар пайда болмау үшін билік оған барлық батыстыққа, оның ішінде демократияға да түйсіксіз, жақтырмаушылық сезім тудырады. Ол үшін насихат халықтың сана-сезімін алдап-арбайды да, еркін қоғамның тек қана жағымсыз, бірақ мардымсыз белгілерін көрсетпекке қояды. Адамдардың үрейлерін гомосексуалисттермен, жезөкшелермен, нашақорлармен ұшырады. Оларға дәл осы еркін қоғамның басты жетістіктері деп иландырады. Және де оларға дәстүрлі құндылықтарды қарама-қарсы салыстырады: пәктікті, бауырластықты, жанұялық әдет-ғұрыптарды, мемлекеттің халыққа деген қамқорлығын.

Халықтың негізгі көпшлігінің салыстырмалы кедейлігі және олардың дамыған елдерге бару мүмкіндіктері жоқтығы жергілікті биліктердің мүддесі мен тілегіне сай келіп тұр. Ал бұндай мүмкіндіктері барлардың бәрі бірден Батыс туралы өздерінің көзқарастарын өзгертеді. Олар өктемшіл режимдер көпірткен оның кемшіліктері басымдылықтары алдында даңқы төмендейтінін көреді. Бұл автокөлік зиянды газдарды шығарады және жаяу жүрушілерге қауіпті деп арбамен жүру туралы мылжыңдаумен тең. Немесе ұялы телефондар ағза үшін қауіпті деп, сымды телефондарды пайдалану туралы айтқан сияқты. Автокөлікпен бір рет жүріп көрген немесе ұялы телефон арқылы бір рет сөйлесіп көргендер арбаға немесе сымды телефонға ешқашан қайтып оралмас.       

Өктемшіл режимдерді сыртқы жаудың бейнесін жасауға итермелейтін екінші ықпал – ол халықты өзінің айналасында біріктіріп алу ықыласы. Бұл біздің үңгір бабаларымызға да таныс ежелгі тәсіл. Сыртқы жауды тудырсаң, тайпа арасындағы кешегі қарсыластар бірге ортақ қатерге қарсы тұру үшін дәл сол сәтте біріге қалады. Қауіп-қатер сәтте адамдар түйсіксіз бір-біріне ұмтылады, бір-біріне нық шектеседі және өзінің тағдырын жеңіске жеткізе алатын мықты, үйірімпаз жетекшініге сеніп тапсырады. Ежелгі тәсіл. Және де даусыз. Сондықтан да өктемшіл режімдердің бәрінде ылғи да сыртқы жаулары бар. Халық назарын ортақ сыртқы жауға бөлу қажет. Сыртқы қауіп-қатер жеткіліксіз болғанда, жау жайдан-жай естен шығарылады, ал насихат бұл бейнені көпіртеді. Ең болмағанда, жалпы ішкі жау табыла қалады, мысалы, жезтырнақтар, сатқын-троцкисттер, бесінші колонна және де тағысын тағылар. Барлығы – қорқыныш сезімін тудыру және бірлесу қажеттілігіне иландыру үшін.

Сондықтан, өктемшіл режимдердің насихатшылық машинасы айналада сіздің елдің тізесін бүктіргісі келіп, оның дәстүрлі қағидаларын бұзғысы келетін тек қана жаулар деп нандырса, әлемге мүлде басқаша қараңыздар, деректерді салыстырып, өзіңіздің жеке қорытындыңызды шығарыңыз.  

Comments: 0