Шетелде демалыста болғанымда менің сүйікті ермегім  – ол халық көп жүретін көшедегі дәмханалардың бірінде үстел басына жайғасып отырып, бүкіл әлемнің елдеріне қарау және олардың ұлттарын табу.  

Міне, мысалы, сары шашты биік бойлы жанұя келе жатыр: беттері қызыл, шаштары ақшыл, балалары көп, тетелестер. Бір түсініксіз тілде сөйлейді. Түсінікті. Бұл скандинавтар. Олардың мемлекеті не тауып шығарғанын білмеймін, бірақ оларда туу көрсеткіші көз алдында өсіп барады. Соңғы жылдары бестен адамнан кем жанұяларды оларда көрген емеспін.    

Міне екінші жұп: азиялықтар. Оғаш көрінеді – жігіт белі қиылған пенжекте және кеды киген, шашы – ирокез, құлағында сырға, иықта – иыққап. Қыз баланың шашының түсі ашық қызыл, қысқа белдемшеде, ашық шиңқиған түсті шұлықдамбалда, биік платформада. Жалпы айтқанда – басқа планеталықтар сияқты. Бірақ менің күмәнім жоқ. Бұл жапондықтар. Бұл ұлт, сірә, өздерінің аралдарында көп уақыт оқшауланып дамығандықтан ешкімге ұқсамайтын феноменге айналып кеткен сияқты. Олардың киген киімдері мен сыртқы түрлері мүлде басқаша. Оларды шатыстырып алмайсыз.  

Ал міне тағы бір азиялықтар. Топтасып келе жатыр. Көбінесе ересек адамдар. Барлығы бірдей және ерекше сыпайы, біркелкі киінген, тіпті қызықсыздау деп айтар едім.  Тез және әурігіп жүреді, көрмелерге тіміскілей көз жүгіртеді. «Lui Vitton» дүкендеріне кезекке тізіледі. Бұл қытайлықтар.

Міне егде жұп. Еуропалықтар. Киген киімдері әдемі. Қымбат екені көрініп тұр. Екеуі де бапты. Тұла-бойлары жып-жинақы. Еркек бөкебайы бар белі қиылған пенжекте. Жеңілгектер. Шашы бриолинделген. Әйел күнге күйген. Басқа еуропалық әйелдерге қарағанда, косметикасы сәл көбірек. Ашық түсті шалбар мен мокасин. Қастарында кішкентай ит. Әлбетте, бұл итальяндықтар.

Ал міне тағы бір отбасы. Үлкен, шуылдаған. Ата-ана мен балалары толық. Кең шалбар мен кең ала жейделер киген. Жалаңаяққа сандалдар киген. Балалар қатты сөйлейді. Өздерін өзімсінген ұстайды, қысылып ұялмайды. Бұл еркін елдің балалары – Американың.

Тағы бір бейне: азиялықтардың жас отбасы, киімді жарасымды етіп, сабырлықпен киген. Ер азаматта әйгілі брендтің киімдері, бірақ көзге түсер заттаңбаларсыз, қымбат сағат пен аяқ киім бойынша адамдар ауқатты екендерін түсінуге болады. Әйел күтілген, жарқыраған макияжсыз, киімі қарапайым, бірақ ықшамдалған және ұқыпты. Өздерін сыпайы, әдепті ұстайды, өздеріне көңіл аудармайтындай. Бұл кім екен?

Comments: 0