Біздің ұлтымыздың ең басты жауы болып табылатын кім немесе не екенін білесіздер ме?

Жат жерлік басқыншылар ма?

Жоқ. Құдайға шүкір, тәуелсіздік жылдары бойы бірде бір қазақстандық жаулардың қолынан қаза болмады.

Табиғи апаттар мен сүргіндер ме?

Әрине, болады, бірақ, бақытқа орай, біз цунами, тайфундар сияқты және басқа талқандағыш апаттардан азатпыз. 

Жол-көлік оқиғалары ма?

Шынында, еліміздің жолдарында жыл сайын 2,5 мың шақты адам қаза табады. Бірақ бұл біздің ең үлкен  орны толмас қазамыз емес.  

Біздің ұлтымыздың ең басты жауы – ол… БЕСБАРМАҚ, ҚАЗЫ, ҚУЫРДАҚ. Иә-иә. Біздің ең жақсы көретін ұлттық тағамдарымыз.

Жыл сайын қазақстандықтардың көбі сырқаттардан қайтыс болады екен, және олардың арасында бірінші орында – жүрек-қан тамырларының ауруы (2013 жылы 36 381 адам). Бұл нағыз соғыс! Және де біз онда орны толмас шығындарға ұшыраймыз.  

Біздің ұлттық тағамдарымыз және жүрек-қан тамырларының ауруларының арасында қандай байланыс бар деп сіздер сұрайсыздар ғой?   Әңгіме мынада болып тұр, жүрек-қан тамырларының аурулары, ең басты кезекте, жүрек пен миды қанмен қамтитын қан тамырларының ішкі қабаттарында, тамырлардың бітеліп қалуына апаратын май қыртыстардың пайда болуынан болады. Ал мал майлары біздің ағзамызға майлы тамақтар арқылы келіп түседі. Сөйтіп қазақтардың ағзаларына майлы тағамдарды басты жеткізушілері болып, әрине, біздің жақсы көретін БЕСБАРМАҚ, ҚАЗЫ, ҚУЫРДАҚ және басқа да ұқсас тағамдар болып табылады.

Бұл «соғыста» көкөністер, жемістер, жаңғақтар, жармаларар және т.б., әлемде бұрыннан пайдалы тағам деп аталатын, сонымен қатар дене жаттығулары біздің басты одақтастарымыз болып табылдаы.

Біз неғұрлым көп  пайдалы тағамдарды пайдалансақ және қимылдасақ, «жауымызға» соғұрлым аз мүмкіншілік қалдырамыз.

Әрине, нақты қазақтар және отаншылдарша, өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізді, оның ішінде ұлттық тағамдарымызды, ұмытпауыды міндеттіміз, дейтін шығар.  Ата-бабаларымыз оларды бізге жеткізгендей, біз де оларды ғасырлар бойы сақтауымыз қажет. Бірақ, өзіміздің түп тамырларымызға құрмет көрсете отырып, бұл сұраққа дұрыс пікірмен кірісуіміз керек.   Бұл сіңу тарпынан өте ауыр және денсаулық тарапынан өте зиянды тағамдарды тым жиі жасамауға болды, мысалы, мейрамдарға немесе ерекше жағдайларда ғана. Бұл біздің ұлттық киімімізді: шапандар мен қамзолдарды күнделікті кимейтін сияқты, сандықтардан Наурызда немесе тойларға алып шығатынымызға тән болады. Бұл тағамдармен де солай болса.

Жалпы алғанда, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге пайдалы тамақтануға көшуді және дене шынықтырумен шұғылдануды кеңес етемін! 

Дендеріңіз сау болсын, достар!

Қазақтар, аман-сау болыңыздар!

Comments: 0