Өз басым ешқандай ырымдарға сенбеймін.

Түсінсем бұйырмасын, иығымнан ары қарай түкірілген түкіріктің үш граммы келесі бұрышта менің басыма құлауы тиісті кірпіштің траекториясын қалай өзгерте алады.

Олардың арасында қандай байланыс бар?!

Әлде бос шелектермен келе жатқан әже маған қандай бәле әкелуі мүмкін, егер де мен ол әженің немересі болмасам және менің міндетім құдықтан су алып келу болмаса?

Жалпы, менің ойымша, ырым бұл өзінің болашағына деген жауапкершілікті белгісіз тылсым күштермен байланыстырудың санадан тыс ықыласы. Сондықтан моральдық тұрғыдан әлсіз адамдар, әсіресе нәзік жандар ырымшыл болып келеді.

Мықты, өзіне сенімді адамдар қара мысықтарға мән бермейді, олардың бұл ырымға түкіргені бар, тіпті иықтан әрі қарай)))

Comments: 0